2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТЫҢ БАРЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Адалдык аланы (Adaldyq alańy)
2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТЫҢ БАРЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ
17.02.2021

Бұл туралы «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алмат Ақышов мәлімдеді.

«Халықтың таза ауыз сумен қамтамасыз ету, олардың өмірі үшін өте маңызды болып табылады. Өткен жылы 37 сумен жабдықтау және су бұру нысаны іске қосылып, 51 шағын ауылды жерлерде суды тазарту мен таратудың Блокты-модульді станциялары орнатылды. Бюджеттен 25,1 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау 77,4%, ауыл халқының сумен жабдықтауға қолжетімділігі 81,4% құрады. 2021 жылы құны 55,0 млрд.теңге болатын 64 жобаны жүзеге асырылады, биыл 24,5 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде 40 млрд.теңгеге 49 нысанды іске қосу жоспарлануда. Бұдан басқа, саны аз 51 ауылдық елді мекенде суды тазарту және суды тарату блоктық-модульдік станциялары орнатылады. Барлығы 56 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылады. Халықты орталықтандырылған сумен қамту осы жылы 96,4% құрайды, оның ішінде ауыл халқы бойынша 91,3%. Біздің 2024 жылға дейінгі міндетіміз облыстың барлық тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету», - дейді Алмат Ақышов.

Эфир барысында басқарма басшысы аймақтағы газдандыру мәселесіне тоқталды.

«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Елді одан әрі газдандыру» бесінші әлеуметтік бастамасы аясында, Шығыс Қазақстан облысының әкімімен оңтүстік өңірлерді газдандыру мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылып жол картасы бекітілген. Қазіргі уақытта Зайсан ауданын газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Зайсан қаласы және ауданның 9 елді мекенінде (Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен) магистральды газ жеткізу және ішкі газ тарату құбырларының құрылысы аяқталды. Зайсан қаласында, ағымдағы жылдың 16 ақпанында барлығы 5035 тұрғын үйдің 3 678 тұрғын үйі газбен жабдықтау жүйесіне қосылды және 9 елді мекенде барлығы 2065  тұрғын үйдің 1 800 тұрғын үйі орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесіне қосылды. Осы күнде тұрғын үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне қосу жұмыстары жалғасуда. 2019 жылы Зайсан ауданының 8 елді мекеніне (Дайыр а., Көкжыра а., Қуаныш а., Біржан а., Сарытерек а., Жарсу а., Бақасу а., Саржыра а.) магистральды газ жеткізу желілерін салу жобасын жүзеге асыру басталды. Келісімшарт бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 852 515,8 мың теңгені құрады. 2019 жылы 200 000,0 мың теңге бөлінді, 2020 жылы 652 515,8 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні 52 км жоғары қысымды газ құбырлары салынды. 2021 жылы жоғарыда аталған 8 елді мекенге ішкі газ желілерін салу жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 1 267 723,0 мың теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың 2 ақпанында осы жоба үшін республикалық бюджеттен 1 140,0 млн, тенге (- 90%) көлемінде қаражат бөлуге арналған бюджеттік өтінім ҚР Энергетика министрлігіне ұсынылды. Қосымша қаржыландыру облыстық бюджеттен - 126 772,0 мың теңге (- 10%) құрайды. Аталған газбен жабдықтау объектілерін іске қосқан кезде 3 500 тұрғын үй газ желісіне қосылуға мүмкіндік алады. Газ құбырларының жалпы ұзындығы 71,0 км құрайды. Алдағы уақытта, Сарыбұлақ кен орнындағы қорлар расталғаннан кейін, Тарбағатай, Күршім, және, Үржар аудандарын газдандыру жоспарлануда. Бұл мәселе бақылауда болып табылады», - деп атап өтті басқарма басшысы.

Сондай-ақ Алмат Ақышов «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасын іске асыру бойынша ақпаратпен бөлісті.

Оның айтуынша, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасын іске асыру 2011 жылдан бастап жүргізілуде, 2011-2015 жылдар кезеңінде республикалық бюджеттен 2 451,3 млн.теңге бөлінді. 2011-2020 жылдары республикалық бюджеттен берілетін трансферттер және қайтарымды қаражат есебінен жалпы сомасы 3 228,9 млн.теңгеге 330 көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 2 451,3 млн. теңгеге 268 көп пәтерлі тұрғын үйлер жөнделді, қайтарымды қаражат есебінен 538,0 млн. теңгеге 49 көп пәтерлі тұрғын үйлер жөнделді. 2021 жылы қайтарымды қаражат есебінен 20-дан астам КПТҮ жөндеу жоспарлануда, олар бойынша энергия аудитін жүргізу қорытындылары бар. Бағдарлама шеңберінде қайтарымды қаражат есебінен көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу мәселесін қарау үшін осы мәселені жалпы жиналыста және тұрғындардың қарауында болу қажет, пәтер иелерінің келісімімен «Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-пайдалану басқармасы» ЖШС-не өтінім беру қажет.

Осы бағдарлама шеңберінде көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда «Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-пайдалану басқармасы» ЖШС-не (Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19, тел. 70-26-20) хабарласуды ұсынды.

Поделиться