ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘМС ЖҮЙЕСІН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ АЩЫҚТЫҚ

Адалдык аланы (Adaldyq alańy)
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘМС ЖҮЙЕСІН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ АЩЫҚТЫҚ
01.06.2021

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО филиалының директоры Ғ. Әбіловпен «МӘМС жүйесін іске асырудың ағымдағы жылғы бірінші тоқсаны бойынша қорытындысы» тақырыбында тікелей эфир өткізді.

Эфир барысында филиал басшысы 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша медициналық көмекті қаржыландыру қорытындылары және халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы туралы мағлұмат берді.

2021 жылы облыс халқына медициналық көмек көрсетуге 124,8 млрд. теңге, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) – 75,8 млрд теңге, МӘМС – 48,9 млрд теңге қарастырылған. 1 сәуірдегі жағдай бойынша қор 119,5 млрд теңге сомасына 109 жеткізушімен халыққа медициналық қызмет көрсетуге жағдай жасады.

Ғ. Әбілов 1-тоқсандағы медициналық көмек көрсету қорытындылары бойынша денсаулық сақтау жүйесінің пандемияның қиын жағдайында жұмысқа бейімделгенін және халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің өсу серпіні байқалғанын атап өтті.

«Емханалар деңгейінде консультативтік-диагностикалық көмек көлемі артты. Қаржыландырудың өсуіне байланысты бұл қызметтер 2020 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 18%-ға өсті. 3,3 млрд теңге сомасына 2,3 млн қызмет көрсетілді. Бұл 2020 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 400 мың қызметке артық», - деп атап өтті.

Айта кету керек, 80% жағдайда консультациялық-диагностикалық қызметтерге ақы төлеуді Қор МӘМС қаражаты есебінен жүргізеді. Ең алдымен, бұл жоғары дәлдіктегі диагнозға қатысты - КТ және МРТ.

Нысаналы топтардағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылы амбулаториялық дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуге 12,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде ТМККК шеңберінде –10,9 млрд теңге, МӘМС-1,98 млрд теңге. Қор қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алудағы кідірістерге жол бермеу үшін алдын ала аванстық төлемдер түрінде дәрі-дәрмектерді сатып алуға қаражат бөлетіні туралы атап өткен жөн. 

Жалпы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттер саны 1,5 есеге ұлғайды. Егер 2020 жылдың I тоқсанында бұл 108 мың пациент болса, биыл қажетті дәрі-дәрмектермен 163 мың адам қамтамасыз етілді. Қор Денсаулық сақтау басқармаларының алдында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын барлық пациенттерді қамту туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Биылғы жылы осы проблеманы шешуде ілгерілеу байқалады және алдағы уақытта да осы мәселеге мониторинг жүргізілетін болады, себебі Қор СҚ-Фармация және пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру бойынша медициналық ұйымдар алдындағы өз міндеттемелерін толық орындайды.

Медициналық сақтандыру Қоры консультациялық-диагностикалық көмектің қолжетімділігін жақсарта отырып, ауылдық медицинаны дамытуды қолдайды. Өткен жылы шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін 11 жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) сатып алынды. Осылайша, бүгінгі күні ауыл тұрғындарына барлығы 17 ЖМК қызмет көрсетеді, олардың ішінде бейінді мамандардың консультацияларын алуға, скринингтерді қоса алғанда, тексерулерден өтуге, зертханалық талдаулар тапсыруға, ауруханаға жатқызуға жолдама алуға, вакцинация жасауға болады. Бірінші тоқсанда «жылжымалы емханалар» деп аталатын мобильді медициналық кешендер арқылы ауыл тұрғындарына 502,1 мың теңге сомасына екі мың қызмет көрсетілді.

Эфир барысында Ғалымжан Абилов I тоқсанда МӘМС жүйесіне ШҚО-дан жарналар мен аударымдар түрінде 5,8 млрд теңге түскенін хабарлады. Өз қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің аударымдары жалпы сомада 2,9 млрд теңгені құраса, жеке кәсіпкерлер, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін дербес төлеушілер жарналарының үлесі де  2,9 млрд теңгені құрады. 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыс халқының 81,7% - ы медициналық сақтандыруға қатысушы болып табылады, бұл 1 113 707 адам.

I тоқсанның қорытындылары туралы айта отырып, коронавируспен күресу үшін іс-шараларды қаржыландырудағы қордың рөлін атап өткен жөн.

«Қаржыландырудың негізгі сомасы COVID-19-бен күреспен айналысатын медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төлеуге көзделген. Қаңтарда 5 346 медицина қызметкері 929,8 млн.теңге сомасында үстемеақы алды, ақпанда 7 115 қызметкер 695,9 млн. теңгеге үстемеақы алды. Наурыз айында төлемдер сомасы 4 394 қызметкерге 600,1 теңгені құрайды», - деп хабарлады Ғалымжан Абилов.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекциямен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыру 4 118,6 млн. теңгені құрады. Оның ішінде: медициналық қызметкерлер үстемақысына - 2225,8 млн. теңге; медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге – 888,7 млн. теңге, ПТР диагностика қызметтеріне – 612,9 млн теңге; мобильді бригадалардың шығуларына – 383,6 млн. теңге; үйде көрсетілетін стационарлар қызметіне – 7,6 млн.теңге.

Қорға 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, www.fms.kz сайты, Telegram-қосымшасындағы Saqtandyrybot сияқты ресми кері байланыс арналары, Денсаулық сақтау министрінің блогы және министрліктің сайты арқылы 1 тоқсанда 10 мыңнан астам өтініш түсті.

Эфир барысында Ғ. Әбілов халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу туралы айтты. 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Қор сарапшылары 13 мың ақау анықтады, айыппұлдардың сомасы 173 млн. теңгені құрады.  Оның ішінде нақты көрсетілмеген қызметтер айыппұлдары 559 мың теңге сомасына 67 жағдайды құрады.

Осылайша, жыл басынан бері 5256 әлеуетті ақау анықталды. Проактивті мониторинг қорытындысы бойынша 51% медициналық ұйымдарға айыппұл салынды.

Поделиться