ДЕПАРТАМЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 15 ТҮРІ КӨРСЕТІЛЕДІ

Адалдык аланы (Adaldyq alańy)
ДЕПАРТАМЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 15 ТҮРІ КӨРСЕТІЛЕДІ
05.08.2021

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Еңбек, әлеуметтік даму және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының м.а Марина Шаронованың қатысуымен тікелей эфир өтті.

Эфир барысында департаменттің қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтылды.

Департаменттің міндеті зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама, міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істейді. Әр апта сайын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында онлайн шаралар өткізіліп тұрады. Жуырда ғана мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы мен зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша Zoom режимінде Өскемен, Семей, Риддер қалаларының, Глубокое, Ұлан және Шемонаиха аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағаларымен дөңгелек үстел өтті. Осы сияқты шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады», - дейді Департамент басшысының міндетін атқарушы.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен халыққа зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Департамент басшысының міндетін атқарушы Марина Шаронованың айтуынша, «Электрондық Үкімет» www.egov.kz веб порталы арқылы, проактивті форматта алуға болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері туралы, сонымен қатар осы форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді.

Сонымен қатар, Марина Шаронова департаментке келіп түскен өтініштер бойынша ақпаратпен бөлісті:

- 2021 жылдың 1 жартыжылдығында 2047 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 718, заңды тұлғалардан 1329. Өтініштердің негізгі сипаты - жеке тұлғалардың еңбек өтілі және Ресей Федерациясы мен Украинадан заңды тұлғалардың сұраулары (зейнетақы қорлары). Сондай-ақ, 64 адамға жеке қабылдау жүргізілді.


Поделиться