ШҚО ӘКІМІ АППАРАТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫНА ӘКІМШІЛІК НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Адалдык аланы (Adaldyq alańy)
ШҚО ӘКІМІ АППАРАТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫНА ӘКІМШІЛІК НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ
27.08.2021

Ағымдағы жылдың 24 тамызы күні ШҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары С. Барлыбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған жиын өтті.

Онлайн режимде (ZOOM арқылы) өткен жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Архат Абжатұлы, «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Маржан Бахытқызы және облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлім қызметкерлері мен басқарма басшылары қатысты.

Жиын барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік жоспарлайтын құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейту, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қысқа айыппұлдарды қолдануды болдырмау сияқты жаңалықтар туралы ақпарат берілді.

«Бұдан былай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15 бап бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау құқығы берілді. Олардың ішінде Кодекстің барлық 6 Сыбайлас жемқорлық баптары (ӘҚБтК-нің 676-681 - баптары), кәсіпкерлік қызмет саласындағы 2 құрам (ӘҚБтК-нің 154, 173-баптары), мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын және әкімшілік не қылмыстық іс жүргізу кезіндегі бұзушылықтарға байланысты 7 құқық бұзушылық (ӘҚБтК-нің 658-662, 665, 667-баптары) бар», - деп атап өтті А. Абжатұлы.

Сондай-ақ, «Шығыс — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М. Бахытқызы  сыбайлас жемқорлыққа қатысты әлеуметтік роликтер көрсетіп, басқарма басшыларын жобалық кеңсемен тығыз қарым-қатынаста бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Поделиться