Семейде «Пайда ойлама, ар ойла» атты pecha kucha форматында кездесу өтті

Адалдык аланы (Adaldyq alańy)
Семейде «Пайда ойлама, ар ойла» атты pecha kucha форматында кездесу өтті
22.11.2021

Р. Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінде «Пайда ойлама, ар ойла» атты pecha kucha форматында кездесу өтті.

Кездесуге «Шығыс — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Маржан Бахытқызы, «Семей — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Д. Абайқызы, Семей қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штабтың жетекшісі О. Соғымбай және колледж студенттері қатысты.
 
Кездесуге қатысқан студенттер спикерлерге сұрақтарын қойып, болашақ қаржыгер маманы ретінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.

Поделиться