ҚОҒАМДА ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Адалдык аланы (Adaldyq alańy)
ҚОҒАМДА ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
24.11.2021

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы мәдениетті қалыптастыру еліміздегі күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстарды кешенді әрі жүйелі жүргізуде мәдениет саласы, соның ішінде кітапханалардың алатын орны ерекше. Себебі, кітапхана – рухани құндылықтардың, білімнің ошағы. Осы орайда, кітапханалар жанынан ашылған «Парасат жолы» орталықтары парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіруді өзінің басты жұмыс нысанасы ретінде қарастырған. Бұл орталықтардың мақсаты – зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету, қалыптасыру, жұртшылыққа насихаттау болып табылады. Орталықтар ұйымдастыратын іс-шаралардың жастарды және жалпы қауымды жемқорлықтан аулақ болуға үндеумен қатар, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы маңызы зор болып отыр.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан аумағы бойынша барлық 305 кітапханада «Парасат жолы» орталығы ашылып, жұмыс жасауда. Олар мәдениет, әдебиет және руханияттың негізінде тағылымды әңгімелер мен келелі іс-шаралар арқылы қазіргі қоғамда парасат идеологиясын қалыптастыруға ерекше маңыз беріп, нәтиже шығаруға көңіл бөлуде.

Халқымызда «Басты байлық – рухани байлық» деген сөз бар. Рухани байлық дегеніміз парасат десек, парасаттылық көзқарасы қоғамда насихатталса және берік орнықса сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға әбден болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзге сай, әр адам заңдарды құрметтеп, ата-бабамыздың саналы өсиетін үлгі тұтса қоғамда келеңсіз әрекеттер болмайды. Әсіресе жастарды тәрбиелі, парасатты, халықтың қамын ойлайтын, қызметіне адал ұрпақ етіп қалыптастыру жолында «Парасат жолы» орталықтарының міндеті зор.

 Ғұлама ғалым Әл-Фараби «Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында» деп парасатқа аса айырықша маңыз берген.

 Парасат көзқарасы бабалар өсиетінен негіз ала отырып, қазіргі буын арқылы ұрпақпен бірге жалғасып, берік орын алуы тиіс.

 

Поделиться